Түркістан облыстық сотының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының АПК-нің 135-136 баптарының талаптарын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Кентау қалалық сотының судьялары Б.П.Құрамысов, Ұ.Д.Байжігіт, сот әкімшісінің басшысы М.Е.Отепов, Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің өкілдері Н.Көкенов, Г.Уралбаева қатысты.
Дөңгелек үстелді Кентау қалалық сотының төрағасы Е.Ж.Абдраманов ашып, өз сөзінде, Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің келісім шарт тармақтарының заңдылығы орындалмауына байланысты жинақталған қарыз мөлшерін өндіру туралы берілген талап арыздары Қазақстан Республикасы АПК-нің талаптарына сай келмеуіне байланысты, бірқатар кемшіліктерді атап өтті.
Жиын барысында Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің өкілдері Н.Көкенов, Г.Уралбаева сөз алып: Кентау қаласы 10.12.2018 жылғы Жалға беруші ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі атынан Жарғының негізінде әрекет ететін бұдан әрі Жалға алушы деп аталатын мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың шартын жасасқан атап өтті.
Осы шарттың 3 тармақ 6-2) тармақшасында одан кейінгі төлемді жалға алушы есвептесу кезеңінен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Төлем мерзімдері сақталмаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күнге төлем соммасының 0,1 % мөлшерінде өсімпұл есептеледі делінген.
Бүгінгі таңда жалға алушы мемлекет тарапынан жалға берілген пәтердің жалдау құны бойынша уақытылы төлем жүргізбеу салдарынан ақпараттық есептеу жүйесінде жалдау ақысы бойынша қарыз мөлшері анықталған.
Сол себепті, тараптар арасында түзілген келісім шарттың 3-тармағы 7-тармақшасын негізінде шарт бойынша бір айдан артық ақы төленбеген жағдайда Жалға беруші соттың шығындардың орнын толтыра отырып, жалға алушыдан төлемді мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сотқа жүгінгенін атап өтті.
Жиынға қатысушылар жоғарыдағы мәселелерді талқылай келе, аталған нысандағы арыздар Қазақстан Республикасы АПК-нің 135-136 баптарына сәйкес, бұйрықтық нысанда берілуге жататынын назарға алу керектігін айта өтті.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
