Басты бет / Қоғам /
2b14691447a750a40d2758a2cfc2843f Полицейлер тұрғыннан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіледі
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Полицейлер тұрғыннан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіледі

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісін анықтады. 

Бұл туралы Түркістан облысының полиция депараменті хабарлады. 

Полиция қызметкерлері Мақтаарал ауданы Атакент ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күмәнді ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер көліктің ішін тексеру кезінде «Сайга» атыс қаруы мен шолақ аңшылық мылтық, сонымен қатар аталған қарулардың сегіз оқ-дәрісін тауып, тәркіледі. Жергілікті тұрғын полиция бөліміне жеткізілді, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер ер адамның атыс қаруын қандай мақсатта заңсыз ұстағанын анықтап жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook