Басты бет / Қоғам /
45ba2994602d7b4f9b24495e6bb737e1 Полицейлер рейд барысында 180-нен астам құқық бұзушылықты анықтады
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Полицейлер рейд барысында 180-нен астам құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полицейлері жедел жағдайды сауықтыру, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде заңсыз жер қойнауын пайдалану және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау, жолын кесу мақсатында, Келес ауданында рейдтік іс-шара өткізді.
Іс-шараға Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, сондай-ақ Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жүргізген жұмыс нәтижесінде 182 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы «Міндетті сақтандыру туралы ҚР заңнамасын бұзу» бойынша 63 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, яғни көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзудың 60 жайты, ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша бағдаршамның тыйым салу сигналына жүрудің 58 фактісі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары автокөлікті мас күйінде басқарудың 1 фактісін анықтап, Шымкент қаласында іздеуде жүрген «ВАЗ» маркалы автокөлікті айыптұраққа қойды. Полицейлер мұндай іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиімді әрекет ететінін, сондай-ақ автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook