Басты бетЖаңалықтарДимаш Құдайберген...

Димаш Құдайберген Сербияда мәртебелі марапатқа ие болды

Танымал әнші Димаш Құдайберген Сербиядағы концерті кезінде Karić brothers award сыйлығына ие болды. 

Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде бөлісті. 

Бүгін Сербияның Белград қаласында Karić brothers award сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады. 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферов, П.Хандке ,Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев, кинорежиссер Е.Кустурица, қоғам қайраткері М.Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған болатын, – деп жазды Димаш Құдайберген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)