«Қазгидромет» РМК синоптиктері 3 желтоқсанда Қазақстанның қай бөлігінде қолайсыз метеорологиялық ахуал қалыптасатынын мәлімдеді.
Бүгін Алматыда қолайсыз метеоахуал күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
