Бірнеше терминнің қазақша аудармасы жоққа шығарылды

«Ел арасында үлкен резонанс тудырған кейбір сөздерді Елбасының 2014 жылғы тапсырмасына сәйкес терминология комиссиясы қарастырды. Мысалы, шаптырма, субұрқақ қайтадан xалықаралық «фонтан» сөзіне ауыстырылды. Күйсандық — пианино, ғаламтор — интернет, мұражай — музей, қисын — логика, сазгер — композитор болып xалықарлық қолданыстағы атауына қайта өзгертілді», — дейді Арыстанбек Мұxамедиұлы.

Оның айтуынша, алдағы жылы «пайыз» — процент, «әнұран» — гимн, «иегері» — лауреаты болып ауысады екен.

Айта кетейік, наурызда Елбасы журналистермен кездескенде дұрыс аударылмаған xалықаралық терминдерге қатысты сын айтқан еді.

«Бізде 1600 шетелдік термин бар. Соны қазақтың тіліне енгізіп, қазақтың тілін байытудың орнына, біздің лингвистік комиссия соларды неше түрлі етіп аударады. Марқұм Еркеғали Рахмадиев айтатын еді, «мен композитор едім, сазгер болдым енді» деп. Менің пианиномды күйсандық деп аударыпты дейтін. Пианино деген — «Piano» емес пе, барлық тілдерде солай ғой. Неге оны енгізіп, тілімізді байытпасқа. Толып жатыр сондай сөздер, балконды қылтима дейді, пайыз деп алдыңыздар, мен пайыз деген сөзді қолданбаймын тіпті, «percent» барлық тілде де», — деген болатын Н.Назарбаев.

ДереккөзBaq.kz