Қазақстанда тиімсіз жобаларға 5 миллиард теңге жұмсамақ болған

Қаржылық мониторинг агенттігі тиімсіз жобаларды 5,1 миллиард теңгеге қаржыландыруға жол бермеді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 миллиард теңге қарастырылған. Бірақ жобаның сапасыз жоспарлануына байланысты тазалау жұмыстарынан кейін қатты ағын мен желдің әсерінен өзен арнасы қайтадан ластанып, толып қалған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті қабылдаған шаралардан кейін әкімдік 3,7 миллиард теңге мөлшерінде игерілмеген қаражатты басқа әлеуметтік мақсаттарға бағыттады.

Көкшетау қаласының Станционный кентінде 1,4 миллиард теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған. Бірақ жобаның бастапқы құны 910 миллион теңге болды, ал басқа елдімекендерде осыған ұқсас нысандардың құны айтарлықтай төмен болған. Осыған байланысты Көкшетау қаласының әкімдігі шартты бұзу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Үнемделген қаражат есебінен басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылады, — делінген хабарламада.

Ведомство ірі объектілер мен инфрақұрылым құрылысының құнын арттыру фактілеріне мониториң жүргізу жұмысын жалғастырады.