ASUS Zenbook 14X OLED: кез келген жерде
серігің болатын ноутбук

ASUS компаниясы күнделікті қолданатын, онлайн істейтін адамдарға ыңғайлы Zenbook 14Х OLED ноутбугын шығарды. Baribar.kz алматылық репетитор Жарқынай Әнафияевамен бірге құрылғыны қолданып, шолып шықты.

Коронавирус пандемиясы адамдардың жұмысқа көзқарасын өзгертті. Жұрт үйден шықпай-ақ, онлайн жұмыс істеп, ақша табуға болатынын түсінді. Қызметін сондай форматқа өзгерткеннің бірі - мұғалім, репетитор Жарқынай Әнафияева.


Жарқынай қазақ тілінен онлайн сабақ береді. Оқушыларының ішінде балалар да, ересектер де, шетел азаматтары да бар. Ол бір айда шамамен 10 адамға қазақ тілін үйретеді. Әрқайсымен жеке-жеке сабақ өтеді. Жарқынайдың айтуынша, қазір оған кез келген жерде ұстап жүретін сапалы, мықты құрылғы керек. Сол себепті ол Zenbook 14Х OLED ноутбугын сынап көрді.


"Сабақ беремін және ILETS-қа дайындалып жүрмін. Екеуіне де ноутбук керек. Мысалы, coworking-де кітап-дәптерімді тастап кетемін. Ал ноутбукты үнемі арқалап жүремін. Себебі үйде де ол арқылы жұмыс істеймін. Сондықтан ноутбукты телефоннан да көп қолданамын дей аламын", - дейді Жарқынай.

Жалпы сипаттамасы мен сырт көрінісі

ASUS Zenbook 14X OLED — жұқа, жеңіл әрі экологиялық ноутбук. Салмағы - 1,5 келі, қалыңдығы - 16,9 миллиметр. Процессоры — Intel Core H-сериясының 13-буыны. Видеокартасы — NVIDIA GeForce RTX 3050*. Жедел жады — 32 ГБ.
Жарқынайдың айтуынша, Zenbook 14Х OLED ноутбугының сырт көрінісі әдемі әрі ұқыпты көрінеді. Оны ерлер де, әйелдер де ұстай алады. Ноутбукта артық нәрсе жоқ болса да, дизайны өзгелерден ерекшеленіп тұр. Себебі экранының ақшыл сұр түсті артқы жағы керамикадан жасалған. Ал қою қара түрі классикалық анодталған алюминийден жасалған. Біздің қолымыздағы қарасы.
"Әсіресе, фрилансерлерге ыңғайлы ноутбук сияқты. Құрылғы кез келген локацияға үйлесе кетеді, сол себепті алаңдамай көтеріп баруға болады. Жалпы coworking-де отырғанда әр адамның қолындағы ноутбугыне қарайсың. Адамдар түр-түрін қолданатынын байқайсың. Сенікі де әдемі болса дейсің. Ал Zenbook 14X OLED-тің дизайны өзгеше. Бір қарағанда назар аудармай тұра алмайсың, бірақ иесінің де, өзгенің де назарын ұзақ ұстап, жұмысына кедергі келтірмейді. Сырт көрінісі қарапайым болса да, қымбат техника екені бірден көрінеді", - дейді Жарқынай.
Ноутбук 180 градусқа иіледі. Мұның бірнеше артықшылығы бар. Біріншіден, экранды өзіне ыңғайлай аласыз. Мысалы, жиналыста, сабақта бірнеше адам болып бір ноутбуктан презентация, материал қарап жатырсыз делік. Осындай жағдайда Zenbook 14Х OLED сияқты 180 градусқа иіле алатын ноутбуктар тиімді: экран бәріне көрінетіндей ете аласыз.

Оған қоса 180 градусқа ию мүмкіндігі экранды ноутбукты планшет немесе монитор ретінде қолданғысы келетіндер үшін қолайлы. Әсіресе, фото немесе видео көргенде, сурет салғанда планшет ретінде қолдануға болады.
Экраны

Zenbook 14Х OLED экраны - 14,5 дюйм. Ноутбуктың диплейі - ASUS OLED. Ол түстерді анық, қанық, тұнық етіп көрсетеді. Жиілігі - 120 Гц, жарықтығы - 400 кд/м2, жарығының шегі - 600 кд/м2. Экран дипслейдің 89%-ін алып отыр. Бұл жай ғана цифрлар емес, құрылғының қаншалық сапалы екенінің белгісі.

"Әдетте кей ноутбукты қуат көзіне қойғаныңда ғана ерекше жарық бола түседі. Ал мына ноутбукты қосқанда-ақ өте жарық, қанық екені байқалды. Мысалы, кеше інім екеуіміз қазақстандық "Шырақ" мультфилмін көрдік. Інім ағылшын курсына қатысты видеоларды көрді. Барлығы тұнық көрініп тұрды", - дейді Жарқынай.

Пернетақтасы мен тачпады


Жарқынайдың айтуына қарағанда, Zenbook 14X OLED-тің пернетақтасы мен тачпады өте ыңғайлы. Ұзақ шаршамай, мәтін теріп отыруға болады. Тачпады да сезімтал, курсорды жақсы басқарады. Тачпадтың беті тегіс және онда цифрлар орнатылған. Бір тачпад тінтуірдің де, цифрлардың да рөлін атқарады. Пернетақта да, тачпад та жанып тұрады. Оның түсін өзгертуге болады.
"Мысалы, мен көбіне қазақша жазамын, қазақша әріптерді қолданамын. Бірақ қазіргі ноутбугымда қазақша әріптер мен цифрларды бір уақытта қолдана алмайсың. Қазақша жазып отырасың. Цифрлар керек болса, құжатта қолданып отырған тіліңді ауыстыру керек. Цифрлар сонда ғана шығады. Цифрды жазған соң, қайтадан қазақ тіліне өзгертесің. Осы жағы тиімсіз. Ал мына ноутбукта цифрлардың тачпадта орналасқаны ұнады", - дейді Жарқынай.

ASUS AiSense уеб-камерасы


Қазақстандағы мұғалімдер, оқушылар, студенттер пандемияда алғаш рет қашықтан онлайн оқып, әбден әбігерге түсті. Бірі интернетінің нашар болғаны үшін, енді бірі камерасының сапасыз болғаны үшін қиналды. ASUS осындай мәселелерді ескеріп, Zenbook 14Х OLED құрылғысына жасанды интеллект элементтері арқылы ASUS AiSense уеб-камерасын жасады. Мұндай камера онлайн байланысқа шыққан адамның түрін де, презентацияларды да және тағы басқа бейнелерді тура өмірдегідей етіп жақсы көрсетеді. Адам экранның ар жағындағы адамды құдды жанында отырғандай сезеді.

Оған қоса бұл камера қолданушының айналасын бұлыңғырлатып, фокусты тек адамға қояды. Бұл экранның ар бетінде отырған екінші адамның назарын басқа жаққа аудартпайды әрі қолданушының жеке шекарасын қорғайды. Жарқынай сияқты мамандар мұндай камерасы бар ноутбукты таңдайтыны анық. Себебі ол онлайн-байланысқа кез келген жерде, кез келген уақытта қосылуы мүмкін: ауылдағы үйінде, офисте, университетте, далада, coworking-де және тағы басқа.

Ал артық шудан оқшаулайтын ASUS AI Noise-Canceling жүйесінің арқасында жан-жақтағы дыбыс бәсеңдеп, қолданушының ғана даусы естіледі.
My ASUS бағдарламасы

My ASUS бағдарламасы өмірді жеңілдетеді, уақытты үнемдейді. Бір бағдарламаның ішінде бәрі бар. Ол жерден ноутбуктың техникалық жағдайын біле алады, техникалық қызмет көрсету орталығымен онлайн-чат арқылы сөйлесе алады, жеке мәліметтерін енгізе алады.

Бастысы, қолданушы ноутбук пен смартфонын байланыстыра алады. Осылай, бір мезетте екі құрылғыдағы ақпаратты ала алады. Мәселен, қолданушының ноутбугы үйінде қалды, ал өзі шетелде жүр делік. Ол мұхиттың ар жағында отырып-ақ, ноутбугындағы керек затты телефонынан көре алады. Мұның бәрін ол My ASUS бағдарламасы арқылы істейді.

Қуаттағышы


ASUS Zenbook 14Х OLED-тің қуаттағышы кішкентай, жеңіл. Батареяның сыйымдылығы - 70 Вт. Бір қуаттаса, құрылғы 10 сағатқа дейін өшпей істейді, яғни бір жұмыс күні бойы алаңсыз жүруге болады. Қуаттағышты үйде ұмытып кетсеңіз де уайымдамайсыз, себебі ноутбукты смартфонның қуаттағышы арқылы қуаттауға болады.

ASUS және Яндекс.Практикуммен бірге Жомарт жұма!

2023 жылғы 1-30 қараша аралығы Zenbook, Vivobook S және Vivobook Pro ноутбуктарының кез келген сериясын, Pro Art желісіндегі ASUS құрылғыларының бірін (ноутбук, аналық плата, видеокарта немесе монитор) сатып алған адамға ASUS Pro Art MD300 тінтуірін және Яндекс.Практикумда оқуға 15% жеңілдік сыйлайды! Сыйлықты алу үшін 7 желтоқсанға дейін акцияның сайтына https://asus.events/yandex кіріп, сатып алған тауарыңызды тіркеңіз.

ASUS Pro Art MD300 - кәсіби шығармашыл қолданбаларда жылдам теруге, өзгертуге мүмкіндік беретін ASUS Dial контроллеры бар алғашқы тінтуір. 4200 Высокоточный сенсор с разрешением Тінтуір 4200 dpi-ге рұқсат беретін жоғары сападағы сенсорда істейді, ал Omron қосылғыштарының арқасында 50 миллион рет басылады. Яндекс.Практикум онлайн білім беру қызметі сұранысқа ие цифрлық кәсіпті меңгеруге, тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік береді. Бағдарламалау, деректерді талдау, дизайн, маркетиң, менеджмент - өзіңізге ұнағанын таңдаңыз, сонда қызмет көрсету тобы мақсатыңызға тезірек жетуге көмектеседі.
1-30 қараша аралығында өтетін байқауда Яндекс шеберханасының тағы бір курсын ұтып ала аласыз: https://asus.events/yandex
Науқан Қазақстан аумағында өтіп жатыр.
ASUS Zenbook 14Х OLED-ті қолданып, мынадай артықшылықтарын айтуға болады:
  • Дизайны ерекше: керамикадан жасалған
  • Шағын әрі жұқа
  • Экраны түстерді анық, қанық көрсетеді
  • Уеб-камерасы сапалы
  • Ноутбук пен смартфонды байланыстыратын MY ASUS бағдарламасы бар
  • Процессоры мықты