Атырауда екі кәсіпорын 735 миллион теңге айыппұл салынды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысында Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі заң бұзғанын анықтады. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олар іс-әрекетінде өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдаланған. Мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды, шарттарды қолданған. Нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiріп, тауар нарығынан шығып, кедергiлер жасаған. Контрагентке шарт нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзсіз шарт талаптарын күштеп таңған, — делінген хабарламада.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған сотының қаулысымен ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 324 миллион теңгеден астам мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды.