Бәйдібек аудандық сотының төрағасы азаматтық және әкімшілік істерді мемлекеттік тілде қарау барысы бойынша дөңгелек үстел өткізді

Сот төрағасы М.Сарсеновтың төрағалық етуімен және судья Ж.Қосалбаев, аудан прокурорының көмекшісі А.Тілеужанқызы, аудан әкімінің заңгері О.Амалов, Бәйдібек аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Г.Бекбосынова, Бәйдібек ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы А.Сейілханов және жеке сот орындаушылар Е.Байсариев, Г.Сембеков, Б.Кадирсизовтың қатысуларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шарада сот төрағасы М.Сарсенов азаматтық және әкімшілік істерді мемлекеттік тілде қарау барысында туындаған мәселелер бойынша қысқаша баяндап өтті.

Төраға өз баяндамасында Мемлекеттік тілді дамыту – еліміздің мемлекеттік саясатының аса маңызды бағыттарының бірі екенін айтып өтті. Жалпы мемлекеттік тілдің маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайтуға күш салғанымыз жөн. 17.09.2021 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатынын және сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабының талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сот істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшының (арыз берушінің) талап арыз (арыз) берілген тілді жеткілікті дәрежеде білетіндігін, сот ісін жүргізудің мәні мен мағынасын түсінетіндігін анықтауға тиіс. Сот талап қоюшыдан (арыз берушіден) тиісті жазбаша өтінішхат түскен жағдайда сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді ұйғарым шығарады. Тараптардың тең құқықтылығы қағидатын ескере отырып, сот осы мәселе бойынша жауапкердің де пікірін анықтауға міндетті.

Азаматтық істер бойынша сот талқылауына дайындық аяқталғаннан кейін құжаттар мен өзге де материалдарды сот ісінен өзге тілде ұсынған тараптар олардың аудармасын өз бетінше қамтамасыз етеді. Сот процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы қаулы шығаруға және істі мемлекеттік (қазақ) тілде қарауды жалғастыруға құқылы екенін атап өтті.

Іс шара соңында төраға дөңгелек үстелге қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, өзара пікірлер алмасты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да