Зейнетақы қорынан 1,5 триллион теңге алынады

Премьер-министр Әлихан Смайылов зейнетақы қорынан алынатын 1,5 триллион теңге энергетиканы дамыту саласына жұмсалатынын айтты.

Бүгін сенатта өткен брифиңде журналистер «Зейнеткерлердің қалтасына қол салмай, үкіметтің жоспарын орындауға болмай ма?» деп сұрады. Премьер-министр қарызға алынған ақша міндетті түрде қайтарылатынын жеткізді.

Егер үкімет қарызға алса, онда бұл қаражаттың республикалық бюджет қаражаты есебінен, бірінші кезекте квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қайтарылуын міндетті түрде қамтамасыз етеді. Сондықтан, егер үкімет алса, онда бұл үкіметтің қарызында көрінеді. Бұл қарызға қызмет көрсету бюджетінде көрінеді. Сондықтан, егер олар міндеттемелер алса, міндетті түрде осы қарыздарды өтеуге қаражат қарастырылады. Сондықтан, әрине, бұл қаражаттың қайтарымы қамтамасыз етіледі, — деді Әлихан Смайылов сенат кулурарында өткен брифиңде.

Ол бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеті — салымшылардың зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ету және көбейту екенін айтты. Сондықтан, зейнетақы қоры тиісті инвестициялық стратегияны қабылдады.