Ауа райына байланысты тағы 3 учаскеде жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық жолдардың тағы үш учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы QazAvtoJol компаниясы хабарлады.

Ақмола облысында:

  1. «Екатеринбург – Алматы» күре жолының Атбасар қаласынан Астрахан ауылына дейінгі жол аралығы жабылды.
  2. «Көкшетау – Атбасар» тасжолының Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы жабық.

Батыс Қазақстан облысында:

  1. «Чапаев – Казталовка» автожолында қозғалысқа тыйым салынды.

Айта кетейік, бүгін таңертең екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі сегіз жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілген болатын.