Газа секторында қанша Қазақстан азаматы қалды?

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Газа секторында қалған Қазақстан азаматтары туралы айтты. 

Бұған дейін жүзге жуық Қазақстан азаматтары Газа секторынан Мысырға шығарылып, арнайы ұшақпен Алматыға жеткізілген еді.

Газа секторында 17 азамат қалып отыр. Оларда біздің еліміздің құжаттары бар. Басқалары – отбасы мүшелері, — деді Қайрат Омаров журналистерге берген сұхбатында.

Ал Израильде Қазақстан азаматтарын ерікті түрде тіркейді, ешкімді міндеттеп жатқан жоқ.

Ол елден кетемін дегендер кетті, ал қалғандары түрлі себептерге байланысты кетуге ниет білдіріп жатқан жоқ. Біздің мәліметіміз бойынша, оларға қауіп төніп тұрған жоқ, — деді министрдің орынбасары.