Ауа райына байланысты 8 жол учаскесі жабылды

Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі сегіз жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. 

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі хабарлады. 

Күре жолдарда 170 арнайы техника мен 240 маман жұмыс атқарып жатыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысында төрт жол учаскесі, Солтүстік Қазақстан облысында екі жол учаскесі, Қостанай облысында екі учаске жабық.

Ақмола облысында:

  1. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
  2. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;
  3. «Жезқазған-Петропавл» күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
  4. «Екатеринбург-Алматы» тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығында;

Солтүстік Қазақстан облысында:

  1. «Жезқазған-Петропавл» күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;
  2. «Екатеринбург-Алматы» күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралықта;

Қостанай облысында:

  1. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;
  2. «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында жол жабық.