Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір жаңа бағыт ашылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы маңындағы қоғамдық көлік қозғалысын дамыту мақсатында 20 қарашадан бастап №234 бағыт ашылды. Бұл маршрут Еламан кентінен Алтай-1 (ВАЗ) шағын ауданына жүреді. Жолаушыларға 10 автобус қызмет көрсетеді.
Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы қалалық мобилділік басқармасы 25 елдімекенді қамтитын 10 жаңа қала маңына қатынайтын маршрут ұйымдастырады. Бұрын алты маршрут ашылды, қалған үш бағыт әзірленіп жатыр, — делінген хабарламада.
Алматы мен Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңы маршрутын ұйымдастыру жоспарға енген, бұл 50 елдімекенді қамтамасыз етеді.