Қорғас–Алматы тасжолында екі көлік өртеніп кетті

Жаркент қаласының маңында қатты жылдамдықпен жүрген екі Ауди көлігі соқтығысып, оқиға орнында жанып кетті.

Жол апаты 18 қарашада Қорғас – Алматы тасжолында болды. Апаттан бес адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Ауыр жарақат алған бір жолаушы медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.

Автокөліктер «Алматы-Қорғас» тасжолының 336 шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдің бірінің дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рөлге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берген. Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған төтенше жағдай қызметінің өрт сөндірушілері өшірді, – деп хабарлады Панфилов ауданының полициясы.