Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды

Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды. Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы хабарлады.

Прокуратура Атырау әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қаладағы жер телімдерін заңсыз бөлу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр.

Осы іс аясында 9 қарашада Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаев қамауға алынды. ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Қайрат Оразбаев 2020-2022 жылдары әкім болып жұмыс істеген еді.