Бас прокуратура ұрлық көп жасалатын өңірлерді атады

Бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қазақстанда жасалған ұрлық жөніндегі статистикасын жариялады.

Статистика бойынша, Қазақстанда 2023 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша ұрлық (Қылмыстық кодекстің 188-бабы) 28,2%-ке төмендеген (өткен жылғы 42 752 іске қарсы 30 173 іс).

Ұрлық көп жасалатын өңірлер:

  • Алматы (қ) — 7154,
  • Астана (қ) — 3541,
  • Алматы -2197,
  • Қарағанды — 2114,
  • Қостанай – 1519,
  • Ақтөбе -1413, облыстарында және 1447-сі Шымкент (қ).

Ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ке төмендеді. Еліміз бойынша бұл санат бойынша барлығы 7967 (8984) қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.

Автокөлік ұрлығы бойынша да ұрлық саны азайған, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 14,3%-ке аз.

Пәтер ұрлығы бойынша қылмыс саны 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ке аз.

Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл былтырғы көрсеткішке 17,7%-ке аз.