Атырау әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен кетті

Атырау әкімі Қайрат Оразбаев 30 желтоқсаннан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шықты. 2022 жылғы 10 қаңтарда жұмысқа шақыртылды. Денсаулық жағдайына байланысты 11 қаңтардан бастап Қайрат Оразбаев емделіп жатыр. Облыс әкімінің өкімі бойынша 14 қаңтарда Қайрат Оразбаев берген өтініші негізінде Атырау әкімі қызметінен босатылды», — деді Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қала әкімі міндетін оның орынбасары Жұмабек Қаражанов атқарады.

Қайрат Оразбаев Атырау әкімі болып 2020 жылғы қаңтарда тағайындалған еді.

Бұған дейін жергілікті «Ақ Жайық» басылымы қаңтар айының алғашқы күндерінде Атырау әкімінің жұмыс орнында болмағаны туралы жазды.