Қазақстанда бидай экспорты рекордтық деңгейге жетті

Биыл Қазақстан бидай экспорты бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы «APK Inform» ақпараттық порталы хабарлады.

Биылғы жылғы астық маусымы әлі аяқталған жоқ, бірақ Қазақстан бидай экспорты бойынша рекорд орнатты.

Биыл Қазақстан сыртқы нарыққа 7,31 миллион тонна бидай жеткізген. Бұл кейінгі бірнеше маусымдағы абсолютті рекорд, — делінген ақпаратта.

2021-2022 жылдары Қазақстан 5,52 миллион тонна бидай экспорттады, ал 2020-2021 жылдары бұл көрсеткіш 5,6 миллион тонна болған.