Қазгидромет: 7-9 қарашада ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, 8-9 қарашада республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 9 қарашада толассыз жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде 0-8 аяздан 0-5 аязға дейін ауа температурасы көтеріледі, шығыста 2-13 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 2 градус аяздан 5 градус, 3-10 градусқа дейін жылы болады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да