Қазақстан Қытайға жылына 11 миллиард текше метр газ экспорттайды

Қазақстан газының Қытайға экспорты жылына – 11 миллиард текше метр. Бұл туралы Алматыда журналистермен кездесу кезінде энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

Қазір біз жылына 11 миллиард текше метрге дейінгі газ көлемі туралы айтып отырмыз, бірақ бұл көлем Қазақстанның газ өндірушілерінің мүмкіндігіне қарай жыл сайын реттеліп отырады, — деді министр брифиңде.

Ол биыл индикативтік балансқа байланысты 4,5-5 миллиард текше метр газ, кейін — 11 миллиард текше метрге дейін экспорттау жоспарланып отырғанын айтты.

Министрдің айтуынша, газ Батыс Қазақстанның кен орындарынан жеткізіледі.