Қазақстан Францияға жылқы етін экспорттауы мүмкін

Қазақстан Францияға жылқы етін экспорттауы мүмкін. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин айтты.

Кеше француздармен жылқы етін экспорттау жөнінде әңгімелестік. Өйткені Франция — жылқы етін тұтынатын ел. Қазір бізде 32 жеткізуші Жапонияға жылқы етін апарып жүр. Енді Францияға жеткізілім көлемін арттыру керек. Кеше француз делегациясына жылқы етінен дәм татқыздық. Оларға ұнағандай болды, — деді вице-премьер.

Вице-премьердің айтуынша, елімізде жылқы етінің өндірісі қарқын алып келеді.

Етті жылқы тұқымдары негізінен батыста — Көшім және Мұғалжар нәсілдері. Қазір тәжірибелік станциялар базасында Ақтөбеде мал шаруашылығы институтының жеке филиалын ашпақшымыз. Ол филиал тек жылқы шаруашылығымен айналысады, — деді Серік Жұманғарин.