Елімізде бір жылда жылқы еті 16,5% қымбаттады

Бұл туралы Energyprom.kz сайты хабарлады.

Жылқының көбі Түркістан облысында сойылды: тірі салмақта 14,5 мың тонна, сойылғанда 7,5 мың тонна. Үздік үштікке Абай (тиісінше 13,5 мың және 7,1 мың тонна) және Ақтөбе (тиісінше 10,6 мың және 5,5 мың тонна) облыстары кірді. Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 4,1 миллион жылқы болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,6% артық. Облыстық тұрғыда жылқы саны бойынша Түркістан, Қарағанды, Абай облыстары көш бастап тұрды,- делінген хабарламада.

Жылқы шығыны биыл 5,2% өсіп, 2,7 мың басқа жетті. Көбіне өлім жағдайлары Ақмола, Қостанай және Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Шілдеде еліміздің базарлары мен дүкендерінде жылқы етінің келісі 2,9 мың теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 16,5% қымбат. Бағаның ең күшті өсуін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары сезінді: жылына 28,8%. Қымбатшылық бойынша үздік үштікке Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласы да кірді. Бағаның ең аз жылдық өсімі Қызылорда облысында тіркелді: 4,5%, — делінген хабарламада.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде бір келі жылқы етін ең жоғары бағада Нұр-Сұлтаннан (3,3 мың теңге), ең төмен бағада Қызылордадан (2,3 мың теңге) алуға болды.