Эмманюэль Макрон Қазақстанға жасаған алғашқы сапарынан кейінгі әсерін бөлісті

Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға сапарынан кейінгі әсерін Instagram-парақшасында бөлісті.

Қазақстан мен Франция арасында бүгін көптеген келісімдер жасалды. Бұл — біздің маңызды сын-қатерге қарсы ынтымақтастығымыз. Міне, біздің жастар! Олар — мәдениетіміз бен тілімізді байланыстырушы. Мен Астанада кездестірген жастар — біздің достығымыздың айнасы, — деп жазды Эмманюэль Макрон.

Еске салайық, 1 қарашада Франция президенті ресми сапармен Қазақстанға келді.