Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Эмманюэль Макронды қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макронды Ақордада күтіп алды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауыл сап түзеп, оның бастығы мемлекеттер басшыларына баянат берді.

Осыдан кейін президенттік оркестр екі елдің әнұранын орындады.

Одан әрі Эмманюэль Макрон мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, ілтипатын білдірді.

Эмманюэль Макрон
Фото: Ақорда

Бұдан кейін қос президент Құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.

Франция президенті Құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қ.Тоқаевпен шағын құрамдағы кездесуге өтті.