Ақша айырбастау пункттерінде доллар 473–478 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 473–478 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473–478 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 474,9–478,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 27 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 476,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,09 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93–5,11теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,92-5,07 теңгеден сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да