Алматыда жеке тасымалдаушы «Мадина» ЖШС сыйымдылығы үлкен (100 адамға дейін), газ арқылы жүретін Yutong маркалы 30 жаңа автобус сатып алды.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, барлық автобус төмен еденді, кондиционер және пешпен жабдықталған.
Бұл автобустардың есебінен №128 және №72 маршруттар жаңартылады. №128 маршрутта — 17, ал №72 маршрутта тоғыз автобус жаңартылады. Қолданыстағы автобустар №25 маршрутқа жіберіледі.
Жалпы, субсидиялау шарты бойынша тасымалдаушылар әр жеті жыл сайын жаңа автобустар сатып алады. Биыл жеке автопарктер 355 жылжымалы бірлік сатып алды, оның есебінен 22 маршрут жаңартылып, тоғыз жаңа маршрут іске қосылды, — делінген хабарламада.
Жаңа маршруттар тізімі төмендегідей:
- № 9, 43, 49, 213, 223, 230, 233, 236, 240.
Жаңартылған маршруттар:
- № 8, 13, 15, 17, 24, 29Р, 37, 38, 46, 47, 53, 65, 69, 88, 109, 115А, 119, 122, 125, 131, 207, 212.