Елімізде кейінгі аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді

Кейінгі аптада елімізде жеті адам өлімі тіркелді. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Бір апта ішінде 3 003 қылмыс жасалды, оның 1 811-і тәулік ішінде ашылды.

Полиция қызметкерлері ізін суытпай жеті кісі өлтіруді, төрт өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді анықтады. Одан бөлек, 30 тонау және 369 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, — деді Шұғыла Тұрлыбек.