Қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылып жатыр

QazAvtoJol ауа райы бұзылғанына байланысты республикалық маңызы бар жолдардағы қозғалысқа шектеу енгізді.

Ақмола облысында сағат 20.30-дан бастап «Көкшетау – Атбасар» трассасында көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды.

Сонымен қатар сағат 22.00-ден «Астана – Көкшетау» автожолында («Астана – Щучинск – Көкшетау») шектеу енгізу жоспарланып отыр.

Ақмола облысының жол мамандары күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Жол қозғалысына қатысты кез келген сұрақ бойынша тәулік бойы 1403 нөміріне хабарласуға болады.