«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 19-21 қазанда ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, 19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Содан кейін солтүстік-батыс циклон және атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) және желдің күшеюін тудырады. Тек оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарда ашық ауа райы сақталады.
Ауа температурасы түнде республиканың басым бөлігінде 2 градус аяздан 10 градусқа дейін жылы болады, күндіз еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп 10-15 градустан 5-10 градусқа дейін төмендейді, — делінген хабарламада.
