Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қытайға барады

17-18 қазан күндері Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сонымен қатар жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.

Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.