31 наурызға арналған ауа райы болжамы

«КазГидрометтің» хабарлауынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с, түнде кей жерлерде 30 м/с аса күшейеді,  тұман түсіп, көктайғақ болады.

Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде жел күші 15-20, екпіні 25 м/с, кей аймақтарда 30 м/с дейін жетеді, тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғфп, түнде кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Қостанай облысында түнде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел сақталады, тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с дейін артады. Таңертең тұман болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл көтерілуі мүмкін, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының бірқатар аймақтарында да көктайғақ болуы мүмкін, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Астана қаласы: көшпелі бұлт шығып, кей кездерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін. Ауа температурасы: түнде -3-5°С, күндіз 0,+2°С.

Алматы қаласы: көшпелі бұлт жүреді, түнде жауын-шашын болады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауа температурасы: түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С жылы болады.