Басты бет / Жаңалықтар /
жасанды интеллект
Коллаж: kursiv.media

Қазақстанда жасанды интеллект қай салаларға еніп жатыр?

Елімізде жасанды интеллект технологияларын енгізу — мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланған. Үкіметтің мақсаты – жасанды интеллектіні экономиканың түрлі саласына енгізіп, мемлекет қызметтерінің сапасын арттыру және азаматтардың өмірін жеңілдету. Baribar.kz Қазақстанда ЖИ қай бағыттарда қолданылып жатқанын зерттеп көрді.

Мемлекеттік қызметтер

Қазақстан қызмет көрсету процесін автоматтандыру, азаматтардың өтінішін жылдам өңдеу және цифрлық сервистерді жетілдіріп келеді. Мысалы: мемлекеттік қызметкерлерге арналған AI Governance 500 бағдарламасы.

Білім беру

Бұл салады оқу процесін цифрландыру, мұғалімдер мен оқушыларға арналған интеллектуалды платформалар дамып жатыр. Мысалы, AI-Sana – студенттерге арналған білім беру бағдарламасы.

Өнеркәсіп пен энергетика

Өндіріс процестерін оңтайландыру, деректерді талдау және ресурстарды тиімді басқару қызметтері де дамып келеді. Мысалы: ұлттық QazTech платформасы.

Көлік және логистика

Ал көлік ағынын басқару мен қауіпсіздікті арттыруға арналған цифрлық технологияларды пайдалану бағытында Smart City тұжырымдамасы дайындалды.

Инновация

Қазақстанда ЖИ бағытындағы инновация жобаларын дамыту үшін Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі істейді.

Аlem.ai деген халықаралық жасанды интеллект орталығы бар.

Тіл

Елімізде қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде 148 миллиард токен негізінде үйретілген KazLLM тілдік моделі әзірленді.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok