Доллар 476–481 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 476–481 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 476–481,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 477–480 теңге аралығында құбылып тұр.

2 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,16 теңгеге өсіп, 478, 15 теңге болған.

Ұлттық банктің 3 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 478,35 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,86 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,73–4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,70-4,85 теңгеден сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да