Головкин Чавеспен жекпе-жек үшін салмақ дәрежесін ауыстырмақ

Кіші Чавес өзге мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен 6 мамырда Лас-Вегаста жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу 164,5 фунт салмақта өтеді. Егер Чавес жеңіске жетсе, Головкин онымен жұдырықтасу үшін 168 фунт салмаққа дейін көтерілуге дайын.

«168 фунт салмқтағы Чавес пен Головкиннің жекпе-жегі — тамаша кездесу болмақ. Чавес «Канелоны» жеңетін болса, бокс биігіне оралады. Ол «Канелодан», Генадан да біраз ірі. Біз бұл жекпе-жекті үш жыл бұрын ұйымдастырмақ болғанда, ол 168 фунт салмақта өтеді деп жоспарлағанбыз. Бұл тамаша кездесу болар еді», — деп келтіреді Леффлер сөзін Boxingnews24.com.

Бұған дейін GGG-дің бапкері Абедь Санчес «Канеломен» жекпе-жек өткізу туралы келісімге келе алмаса, Головкин салмақ дәрежесін ауыстыратынын айтқан.

ДереккөзVesti.kz