Алматыда ламинат сақтайтын қоймадан өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 тамыз түнгі сағат 01.36 шамасында Жетісу ауданы Сүйінбай даңығылы 55 мекенжайында қойма өртенгені туралы ақпарат келіп түсті.
Күштер мен құралдар жоғары дәрежедедегі шақырту бойынша шықты. Келген кезде аумағы 295 шаршы метр ангар типті қойма ашық жалынмен жанып жатты.
Жоғары термиялық әсерден қойманың металл қаптамасы майысып, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туындады. Екі өрт сөндіру учаскесі құрылды, жанындағы қоймаларды оттан және салқындату үшін қол және лафеттік оқпандар енгізілді, бензорезбен қызған конструкциялары кесілді. Өртті сөндіру ангардың жоғары жанғыш жүктемесімен және жоғары электр сымдары жеке құрамның электр тогының соғу қаупімен қиындады. Нысанды арнайы қызмет өкілдері ажыратты. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеді. Қоймада ламинат болды, — делінген хабарламада.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 60 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылды. Өртті жоюға өрттің бүкіл периметрі бойынша оқпандардың біркелкі берілуі ықпал етті.
Өрт түнгі сағат 02.21 минутта оқшауланып, 04.40 минутта толығымен жойылды. Қазіргі уақытта құрылымдарды бөлшектеу және су төгу жұмыстары жалғасып жатыр.