ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жаңа басшысы таныстырылды

«Премьер-Министр Кеңсесі алдына еліміздің Үшінші жаңғыруы мен Ұлт жоспарын іске асыру аясындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жұмыстарын үйлестіру, Премьер-Министр және Үкімет қызметтерін ұйымдастыру жөнінде маңызды тапсырмалар қойылды», — деді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы – 1962 жылы 19 қарашада дүниеге келген.

1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша бітірген. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде қызмет еткен.

2011 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі — министрі болды.

ДереккөзPrimeminister.kz