Басты бетЖаңалықтарШахтадағы өрт:...

Шахтадағы өрт: министр құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «Қазақстан» шахтасында жұмыс кеңесін өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта екі зардап шегушіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті Д-6 көмір конвейерлік еңісте жану ошақтарын сөндіру жалғасып жатыр. Өрт сөндірушілердің авариялық қазбалардың жанындағы жұмысы жоғары температура мен үздіксіз түтіннің себебінен қиындай түсті. Сонымен қатар қазбаны салқындату бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

ТЖ министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысын тұрақты бақылауда ұстайды.

Сырым Шәріпханов іздестіру жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушылары үшін қажет қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды.