Басты бетЖаңалықтарЕлімізде 538,9...

Елімізде 538,9 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды

1 тамыздағы жағдай бойынша 102,7 мың отбасындағы 538,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 65 миллиард теңге бөлінді.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға тағайындалады.

Биылдан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік қосымша төлем түріне ауыстырылды. Яғни, бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

1 тамыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 166,5 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сонымен қатар egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.