Астанада Astana Piano Passion фестивалі өтеді

Фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен келген Ванесса Латарш (Ұлыбритания), Петр Полечный (Польша), Станислав Юденич (АҚШ) сияқты ең үздік педагогтары келіп,  шеберлік сабақтарын өткізеді.

Байқаудың арнайы astana-app.kz желісінде жарыстың барлық кезеңдерін online режимде көруге болады. Осылайша, ұйымдастырушылар байқаудың әділ өтуін қамтамасыз етеді.

Жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттау, сыйлықтарды тапсыру 28 сәуірде сағат 18.00-де «Астана Балет» театрының сахнасында өтеді.

Еске сала кетейік, байқаудың жалпы жүлде қоры  60 000 АҚШ долларын құрайды.

Байқауды ұйымдастырушылар — ҚР Мәдениет министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі, Мәскеу филармониясы және Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуевтің қолдауымен «Accordi di Astana» қоғамдық қоры.

ДереккөзAstana.gov.kz