27 наурызға арналған ауа райы болжамы

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстіктің жекелеген аймақтарында найзағай ойнайды деп болжануда.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман басады болжануда, желдің күші 15-20 м/с дейін артады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 17-22, екпіні 27 м/с дейін жетеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп болжануда. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

 

ДереккөзKazhydromet.kz