Басты бет / Жаңалықтар /
d90a9c4f0c720b9033c13b32da62cd01 Қазақстан 2024 жылы Парижде өтетін олимпиадаға шақыру алды
Фото: Olympic.kz

Қазақстан 2024 жылы Парижде өтетін олимпиадаға шақыру алды

Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті 2024 жылы Парижде өтетін ХХХІІІ олимпиада ойындарына қатысуға ресми шақыру алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Халықаралық олимпиада комитеті 206 Ұлттық олимпиада комитетінің 203-іне ресми шақыру жолдаған. Тек Ресейдің, Беларусьтің және Гватемаланың олимпиада комитеттері алмаған.

26 шілдеде осыған орай, Парижде ХОК президенті Томас Бах пен Париж-2024 жазғы олимпиада және паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің президенті Тони Эстангуэнің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

2024 жылғы жазғы олимпиада ойындары Франция астанасы Парижде 26 ​​тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өтеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook