Басты бет / Жаңалықтар /
мектеп, оқушы, мектеп формасы. Алматы, білім күні
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Балаларды бірінші класқа қабылдау 1 тамызда аяқталады

Балаларды 1-класқа қабылдау тамыздың бірінде аяқталады. Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет уеб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

1-класқа балалар алты жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сонымен қатар, денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді екі фотосурет қоса беріледі.

Құжат қабылдау 1 сәуірде басталып, төрт айда 350 453 өтініш түскен. 1-класқа қабылданған балалардың 71,2%-і қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған.

Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала 1-класқа барады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook