Шығыс Қазақстан облысында тауда зардап шеккен қызды құтқаруға тікұшақ жұмылдырылды

Шығыс Қазақстан облысында турист тауда аттан құлап, жарақат алып, есінен танды. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігінің Telegram арнасында хабарланды.
22 шілдеде құтқару бөлімшелерінің көмегімен Қатонқарағай ауданының дәрігерлері тікұшақпен Белуха тауындағы Сәрсембай учаскесіндегі оқиға орнына жедел ұшып барды.
27 жастағы қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, оны тікұшақпен Қатонқарағай ауданаралық ауруханасына жеткізді.