Алматыдағы Сайын көшесінде уақытша реверсивті көлік қозғалысы орнатылды

Сайын көшесіндегі жөнделіп жатқан жолдың бойында еверсивті көлік қозғалысы іске қосылады.  Бұл туралы Almaty Joly Telegram арнасында хабарланды.

Сайын көшесі бойындағы Мөңке би көшесіне дейінгі аумақтың орташа жөндеуден өтуіне байланысты 21 шілде сағат 21.00-ден 23 шілде сағат 14.00-ге дейін жолдың батыс жағындағы көлік қозғалысы толық шектеледі. Көше Саялы шағын ауданның жанынан өтеді, — делінген хабарламада.

Патрульдік полицияның алты экипажы көлік қозғалысын реттейді. Жолда тек 40 км/сағ жылдамдықпен жүруге болады. Жолақтар жарық шағылыстыратын таспалармен бөлінеді.

Реверсивті қозғалыс басталар тұстағы екі қапталға да көліктердің ортасын қоршаулар бөліп тұрады.