Қазақстан мен Ресей шекарасындағы жол жөнделеді

Қостанай облысы мен Ресей шекараларында жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram арнасында хабарланды.

2023 жылғы 27 шілде мен 25 тамыз аралығында еліміздің «Қайрақ» өткізу пунктіне қарама-қарсы Ресей Федерациясының «Бугристое» автокөліктік өткізу пунктінде жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатыр.

Сондықтан көліктердің қозғалысы қиындап, бақылау процедураларының уақыты ұзаруы мүмкін.

Комитет Қостанай облысы арқылы мемлекеттік шекараны төмендегі өткізу пунктері арқылы кесіп өтуді ұсынады:

– «Ақбалшық» авто (ҚР) – «Воскресенское» авто (РФ);

екі жақты өткізу пункттері:

– «Обаған» авто (ҚР) – «Звериноголовское» (РФ)

– «Желқуар» (ҚР) – «Мариинский» (РФ)

– «Аят» (ҚР) – «Николаевка» (РФ)

– «Қондыбай» (ҚР) – «Комсомольский» (РФ).