Биыл 4 мыңнан астам адам солтүстікке қоныс аударды

Биыл 4 мыңнан астам адам солтүстік өңірлерге қоныс аударды. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтыр көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдаманың бір бағыты – бұл қоныс аудару бағдарламаларын қайта қарау есебінен жұмыс күші артық және жұмыс күші тапшы өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздікті теңестіру үшін қазақстандықтардың ішкі ұтқырлығын ынталандыру, — деді үкімет басшысы сенат депутаттарының сауалына жауап бере отырып.

Оның айтынша, қазір ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында бірқатар іс-шара жүзеге асырылып жатыр.

Мәселен, 2023 жылы 8 652 адамды көшіру жоспарланып, биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 4 140 адам немесе жылдық жоспардың 48%-і (қандастар 1 032 адам және қоныс аударушылар 3 108 адам) солтүстік өңірлерге қоныс аударды, — деді Әлихан Смайылов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да