Елімізде 42 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18-20 шілде күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал етеді.

Соның әсерінен жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады. 18-19 шілдеде — батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде — солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты негізінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. 18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус өте қатты ыстық болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да