Алматыда әл-Фараби даңғылы бойынша қозғалыс схемасы жарияланды

Алматы әкімдігі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде әл-Фараби даңғылы бойынша жол қозғалысын ұйымдастыру жөнінде ақпарат жариялады.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әл-Фараби даңғылының бойында Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін өткізу қабілетін арттыру үшін 12 шілдеден бастап 13 шілдеге дейін мынадай шаралар қабылданады:

  • 12.07.2023 жылы сағат 06.00-ден бастап әл-Фараби даңғылының солтүстік жағынан Сырғабеков көшесінен Есентай өзеніне дейін кері қозғалыс жолымен көлік құралдарын бұру ұйымдастырылады;
  • сағат 06.00 бастап сағат 15.00-ге дейін шығыс бағытта екі жолақты қозғалыс, батыс бағытта бір жолақты қозғалыс ұйымдастырылады.
  • Сағат 15.00-ден бастап сағат 21.00-ге дейін — батыс бағытта екі жолақты, шығыс бағытта бір жолақты.

Тәуліктің кешкі уақытында сағат 21.00-ден бастап жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін Жароков көшесі бойынша көлікті солтүстік бағытта бұруды ұйымдастыра отырып, шығыс бағыттағы қозғалыс толығымен жабылады.

Қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік алты экипажы қарастырылған, 40 км/сағ жылдамдықты шектеу белгілері орнатылады, жолақтар бойынша бөлу конустық шағылыстыратын чиптермен белгіленеді. Реверсив басталғанға дейін екі жағынан көлік ағындарын бөлетін металл турникетінің 25 данасы болады (100 м). Әл-Фараби даңғылындағы Ремизовкадан шығу «Есентай-Молл» Оңтүстік тұрақ аймағы арқылы ұйымдастырылады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдың полиция экипажы тұрады, — делінген хабарламада.